AUTO FEST TARAZ – 2018

0
245

Елімізде соңғы жылдары темір тұлпардың саны күн санап өсіп келеді. Елдің біраз бөлігі авто-көлікті қатынас құралы ретінде пайдаланса енді бірі аса үлкен қызЫғушылықпен бағалайды. Осыған орай, Таразда тұңғыш рет «AUTO FEST TARAZ – 2018» шоуы болып өтті.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған авто шоу көлік базарында өтті.     3 мыңға жуық адам қатысқан шоуға көлік маркаларының сан – түрінің мүкіндіктері көрсетілді.  Қатысушылар  өз темір тұлпарларымен қайталана бермейтін көріністерді барлық келушілерге паш етті. Мұндай іс-шаралар бұған дейін тек үлкен қалалар да ұйымдастырылып келген.

Максим ЮРЬЕВ  қатысушы / «AUTO FEST TARAZ – 2018» шоуы еліміз үшін қадірлі мерекелердің бірі конституция күніне арналып отыр. Бүгін қатысушылардың саны өте көп. Демек осындай шоуларға тұрғындардың қызығушылықтары жоғары екенін байқауға болады. Мұндағы авто көлік иелері бірнеше дәрежелегі жарыстарға қатыса алады.

Бұл фестиваль Тараздықтардың есінде ерекше автокөліктермен есте қалды.  Оңтүстікте де автоспортты дамытып, осындай ауқымдағы жарыстарды жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз дейді ұйымдастырушылар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here