«7-20-25» БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

0
63

 Былтыр 5 наурызда Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жариялаған болатын.  Онда Нұрсұлтан Назарбаев «Оларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, сол арқылы ел экономикасының әрі қарай дами түсуіне жол ашады» деген еді. Соған сәйкес республика көлемінде қарқынды жүзеге асырыылып жатқан бастамалар Тараз қаласында да бірқатар өзекті мәселелердің шешілуіне өз септігін тигізіп келеді, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Аймақта жергілікті бюджеттен  1753 пәтер пайдалануға берілсе, оның 1040-ы Таразда орналасқан. Қаланың бас жоспарына сәйкес Сүлейменов көшесінің соңында 362 гектар  жерге жаңа  15 мөлтекаудан  бой көтеруде. Онда 280 көппәтерлі және 969 жеке тұрғын үй салынып, 30 мыңнан астам халық тұрады деп күтілуде. Қазір мұнда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10 несиелік тұрғын үй немесе 800 пәтер қолданысқа беріліп үлгерді. Олардың 480-іне, аталған бағдарламасы аясында «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы арқылы келісімшарттар бекітілсе, Елбасының халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі аясындағы «7-20-25»  бағдарламасы арқылы «Арай» мөлтек ауданында 14 пәтер сатылып, тағы 33 азаматтардың арыздары екінші деңгейдегі банкттерде қарастырылуда. Сондай-ақ 3 арендалық әлеуметтік тұрғын үй немесе 240 пәтер берілді. Атап айтқанда, олар- «Арай» тұрғын алқабындағы 80 пәтерлі 1 үй және «Бәйтерек» мөлтек ауданында 100 және 60 пәтерлі 2 үй. Биыл 15-ші мөлтек ауданында 80-пәтерлі    5 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.Оның үстіне аталған алқапта қосымша 80-пәтерлі 9 үй,60-пәтерлі 11 кредиттік үйлердің құрылыстары басталады .Алдын ала жоспар бойынша аталған үйлердің құрылысы 2019-2020 жылға жоспарланға  бұл үйлер арқылы 1380 пәтер беріледі.Келесі кезеңге 25 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары аяқталып, олардың құрылыстары 2020-2021 жылдары жүргізіледі деп жоспарлануда. 2018 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 243,7 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 127 пайызды құрады.Жалпы шаһар аумағында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны – 16573-ті құраса,жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға  70 057 азаматтар кезекте тұр.«7-20-25»ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру үшін  Қойгелді көшесі №173 үйден  арнайы орталықтандырылған түсіндіру  офисі құрылды. Кеңсенің басты мақсаты бағдарламаға қатысушы барлық екінші деңгейдегі банктердің өкілдерін бір жерге шоғырландырып, қала тұрғындарын мәліметтік  кеңестер, жеңілдіктер туралы хабардар ету,  сол арқылы ипотекалық   бағдарламаны қарқынды жүзеге асыру болып табылады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here