ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0
52

Қазіргі таңдағы мəселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тəрбиесіне зиян əкелетіні бəрімізді алаңдатады. Бұл мəселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мəселе екені айқын.Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері өңір тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік қалыптастырып, парасаттылыққа баулу мақсатында аудандарға іссапарға шығып, кеңестер беруде, – деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Лекторлық топ 15 тамыз күні Жамбыл ауданында болып, Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Д.Омаров пен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Меклисов аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, онда қызметтік функцияларын заңнамаға сай орындау; қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланбау; жолда рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру; парасаттылықты, әдеп нормаларын сақтау жөнінде айтылып, полиция бөлімінен ашылған фронт офистің жұмысымен тынысты.
Сонымен бірге, департамент және жоба қызметкерлері денсаулық саласының мамандарымен кездесіп: анықтамаларды заңсыз бермеу; ауруханаға портал арқылы жатқызу жүйесінде заңсыздықтарға жол бермеу мәселелерін көтерді.
Жамбыл аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен өткен кездесуде жаңа оқу жылында мектепке мұғалімдерді қабылдау мен сағат бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу керектігі, оқушыларды парасаттылыққа баули отырып, келешегі жарқын, парасатты қоғам құратынымыз туралы айтылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен өткен жиында арнайы әлеуметтік көмектің тиісті тұлғаларға тиюін қамтамасыз етіп, комиссия құрамын 4-5 адамнан құру керектігіне тоқталды.
Аудан активімен өткен жиында қызметкерлердің әдеп нормасын, парасаттылықты сақтап, жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу керектігі туралы айтылды. Ұсыныстар тыңдалып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары түсіндіріліп, парасаттылық туралы айтылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here