ӘЛЕМДІК АЛЫП КОМПАНИЯ ӘУЛИЕАТАҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛАДЫ

0
220

Жамбыл облысының әкімі  Асқар Мырзахметов  «Yildirim Holding» түрік компаниясының өкілдерін қабылдады.  Екі жақты кездесуге облыс әкімінің тиісті орынбасарлары мен салалық басқарма және  «KazakhInvest» ҰК АҚ-ның облыс бойынша филиалының басшылары қатысты, деп хабарлайды  http://zhampoz.kz

 

Бұған дейін белгілі болғандай түркиялық компания өңірімізде «кальцилендірілген сода өндірісі» инвестициялық жобасын жүзеге асырмақ. Сарысу ауданынан ірге қалайтын жобаның жалпы құны екі жүз жетпіс миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыттың жылдық қуаты төрт жүз  мың тонна өнім өндіруге қуатты. Жобаны екі мың он тоғыз-екі мың жиырма екінші жылдар аралығында іске асыру көзделуде. Кездесу барысында  «Yildirim Holding Soda Ash&Derivatives» команиясының бас директоры Исмаил Джейлан облыс басшысынан бірқатар мәселелерді шешіп беруін сұрады. Әсіресе жер, су мәселелерін алдыға тартты. Сондай-ақ, ол жоба іске асқанда өніммен ішкі және сыртқы нарықты қамтамасыз етіп, Сарысу содасын брендке айналдыруға болатынына назар аудартты. Өз кезегінде облыс әкімдігінің жер қойнауын пайдалануды басқару басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов жер мәселесі шешілетінін, ол бойынша жұмыстар жүргізіліп  жатқанын жеткізді. Ал, су мәселесін шешу бойынша тиісті шараларды жүйелі түрде атқару үшін өңір басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Асқар Исабекұлы инвесторларға облыс тарапынан тиісті қолдаулар жасалатынын баса айтып,   бұл бағытта тараптардың қол қойған меморандумы аясында ортақ жұмыс жоспарын бекіту керектігін ұсынды. Бекітілетін жұмыс жоспары арқылы нақты шаралар атқарылмақ.

Айта кетейік, «Yildirim Holding» — төрт құрлықта жұмыс істейтін ірі холдинг. Қазіргі кезде холдинг Қазақстанда бизнес жүргізуде айтарлықтай тәжірибесі бар компания болып есептелінеді.

Бүгінгі таңда Соркөл кенінде барлау жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстары әзірленуде.

Қызықты мәлемет:

Сода— көмір қышқыл натрий тұздарының техникалық атауы. Сода ежелгі заманнан белгілі. Мысалы, Египетте көл суынан алынған соданы шыны қайнатуда және жуынуға пайдаланған. 18 ғ-ға дейін натрий және калий карбонаттарын сілті деп келген, тек француз ғалымы А.Дюамельдю Монсо екеуін ажыратып, сода (Salsola Soda өсімдігінің күлінен алынуына байланысты) және сақар (поташ) деп атаған (1736). Табиғатта сода трона, сода, термонатрит минералдары түрінде кездеседі. Трона моноклиндік сингонияда кристалданып, ақ түйіршікті немесе ұнтақты, ауада сусызданатын масса күйінде болады. Тронның қаттылығы 2,5-тен 1,5-ке дейін, тығыздығы 2,1 г/см3, соданікі 1,4 г/см3.

Сода минералдары Қазақстанда Құлынжон, Мельников, Петухов кен орындарында кездеседі. Сода қолданылу аясына байланысты кальцинирленген (Na2CO3 — шыны, сабын, қағаз, бояғыш заттар алуда қолданылады), ас (NaHCO3 — тамақ өнеркәcібінде, сусындарға қосуда, медицинада), кристалдық (Na2CO3MnH2O), каустик. (NaOH — техника мен тұрмыста күйдіргіш натр деп аталады) болып бөлінеді.

Соданы алудың негізгі көзі 19 ғ-ға дейін теңіз балдырларының күлі мен жағалаулық өсімдіктер болды. Натрий карбонатын өндірістік жолмен алуды 1789 ж. француз ғалымы Н.Леблан (1742 — 1806) ұсынған. 1791 жылы Францияда оның әдісі бойынша сода өндіру басталды. Бұл әдісте натрий сульфаты майдаланған әктас және көмір қоспасымен бірге пеште күйдіріледі: Na2SO4+2C+CaCO3= =Na2CO3+CaS+2CO2H Бұл әдістің көптеген кемшілігі болды, сондықтан қазіргі уақытта бельгиялық ғалым Э.Сольве (1838 — 1922) әдісі кеңінен қолданылады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here