«Ұрып-соғып, картамның пин-кодын айтуымды талап етті». Ақтөбелік мүгедек полицейлерден жәбір көрдім дейді

0
493

Ақтөбеде тұратын үшінші дәрежелі мүгедек Валентин Резниченко полицейлерді бопсалады деп айыптады, — деп хабарлайды Rika TV.

Ер адамның айтуынша, 14 сәуірде ол мүгедектігі бойынша жәрдемақы алып, қала кафелерінің бірінде сыра ішкісі келген. Мекемеден шығып, ер адам такси тосқан, осы кезде оған полиция көлігі жақындаған.

Ер адам полицейлердің ештеңе де айтпай, көлікке күшпен отырғызып, айықтырғышқа апарғанын, біршама уақыт өткеннен кейін босатылғанын айтып отыр. Алайда полиция қызметкерлері онымен оңай қоштасу ойы болмаған екен.

Резниченконың сөзінше, полицейлер оны қала көшелерімен тасып жүріп, ұрып-соққан, мұнымен қоймай, банк картасының пин-кодын айтуын талап еткен. Осыдан кейін 20 мың теңгедей ақшаны алып, кетіп қалған. Ал кейін картасынан 170 мың теңге алынғанын байқаған.

Осыдан кейін ер адам бірнеше күн бойы қалпына келіп, кейін айықтырғышқа қай полицейдің жеткізгенін сұрап барған. Оған бір ғана полицейдің фамилиясы айтылыпты.

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері 20 сәуірде осы дерек бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасының ішкі істер қызметкерлеріне қатысты соталды тергеу бастағанын хабарлады. Тергеу «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бабы бойынша жүргізіліп жатыр. «Қазіргі уақытта соталды тергеу жүріп жатыр. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», — дейді ведомстводағылар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here