Құландық іскер әйелдер бас қосты

0
478

Т. Рысқұлов аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесі мен аудандық аналар кеңесінің біріккен кезектен тыс жиыны өтті, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Аудандық іскер әйелдер кеңесі төрайымы Эльмира Мырзагелдиева, «Эл-ай» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Сәуле Әденовалар бастаған іскер әйелдер қатысқан жиында 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында атқарылуы тиіс іс-шаралар жоспары талқыланды. Бұл басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева да аудандық деңгейде атқарылар жұмыстармен таныстыра келе, кәсіпкерлер тарапынан қолдау қажеттігін, бірлесе жұмыстар атқару туралы тың идеяларын жеткізді. Жиынға қатысқан кеңес мүшелері «Есім-Би» шаруа қожалығының басшысы Гүлжан Қоңырбаева, құрылыс материалдарын шығару ісімен айналысатын Маржан Оспанова,кондитерлік өнімдердің иесі Дидар Бидайшиева, қыз жасауымен айналысатын Кенжегүл Байқұлова т.б. істің көзін тапқан нәзік жандылар өз ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарымен бөлісті.

Кеңес мүшелері қоғамдық мәселелер мен қайырымдылық іс-шараларды да естен шығармады, игі істен тысқары қалмай, көмекке зәру жандарға қайырымдылық жасауға, республикалық «Мектепке жол» атты акцияға өз үлестерін қосатынын жеткізді. Осылайша игі шараларды жоспарлау мақсатында бас қосқан іскер әйелдер мен аналар кеңесі жаңа жоспарларды жүзеге асыруға белсене кірісіп те кетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here