Қарасу ауылында «Ауылым алтын бесігім» атты жиын өтті

0
463

Байзақ ауданы Қарасу ауылында  «Ауылым алтын бесігім» атты ауқымды жиын өтті. Шараға туған елден жырақта жүрген азаматтар мен ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Рухани жаңғыру негізінде ауқымды  жұмыстар атқарылып, халық арасында үлгі болып отыр. Сондай игі істің бірі Қарасу атындағы орта мектебінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Алдымен Қосы батырдан бастау алған өңірден шыққан елеулі азаматтар жайында сөз қозғалды. Осы күнге дейін тұрғындар тарапынан ауыл атын Қосы батыр есіміне ауыстырылса деген ұсыныс тасталған. Мәселенің оң шешімі  табылғандығы жайлы  айтылды.Мектеп оқушылары бабалар рухына тағзым етіп, өлең жолдарын арнады. Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы бар. Ауыл қарияларының ел тізгінін ұстайтын ертеңгі жастарға айтары да бар.

Өмірбек Бүтінбаев – ауыл ақсақалы /бүгінгі жастар елдің, халықтың пайдасын ойласа деймін. Ауыртпашылық пен қиындықтарды көтерсе екен…./

Басқосуда Елбасының бес әлеуметтік бастамасына тоқталды. Әрбір үндеу жіктеліп, қоғамға дер кезінде жарияланғандығы қөңілден шықты дейді, қатысушылар. Маңызы зор жобалар қолға алынып, алдағы уақытта өмір сүру деңгейі жақсаратынына сенімді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here