Қазақстандық әйел Өзбекстанда қыздарды жезөкшелікке тартты деген күдікпен ұсталды

0
546

Өзбекстанның құқық қорғау органдары әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, саудалады деген күдікпен Қазақстан азаматшасын ұстады, — деп хабарлайды Sputnik Узбекистан.

Өзбекстан ІІМ департаментінің мәліметінше, Сырдария облысының тұрғыны полицияға арызданған, ол арызында 1975 жылғы қазақстандық әйел мен оның өзбекстандың сыбайласынан шетелде жезөкшелікпен айналысып, айына екі мың доллардан асатын табыс табуды ұсынғанын жазған.

«Жедел тергеу шараларын жүргізу барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері Сырдария облысының территориясында «Сырдария» бекетінеде шекарадан заңсыз өтпек болған күдіктілерді ұстады», — делінген хабардамада.

Қылмыстық іс «Топ болып алдын-ала келісу арқылы адам саудалау» бабы бойынша қозғалған. Оның жазасы бестен сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here