Қазақстанда орташа жалақы 164 мың теңгеден асты

0
664

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстандағы орташа жалақы 164 552 теңгеге жетті, — деп хабарлайды zhampoz.kz Tengrinews.kz
сілтеме жасап.

2018 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздегі орташа жалақы 161 783 теңге болған еді. Салыстыратын болсақ, былтыр 2017 жылдың соңында қазақстандықтардың орташа жалақысы 163 725 теңге болған екен. Комитеттегілердің мәліметінше, қазан айында елімізде жұмыс істейтін 8,7 миллон адам тіркелді. Олардың 6,6 миллионы — жалдамалы жұмысшылар. Ал жұмыссыздардың саны қазан айының қорытындысы бойынша 442 мың адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here