«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі бастау алды

0
587

Онлайн қызметтер жүйесін  тегін  пайдаланыңыз да, электрондық үкімет арқылы жұмысқа орналасыңыз. Бұл «Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасына сай халықтың электронды сауаттылығын арттыру және қолжетімді қызмет түрлерін пайдалануы үшін тиімді әдіс болып табылады. Осыған орай облыс орталығында  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі бастау алды.

Аймақтағы жұмыссыздар санын азайту үшін ұйымдастырылып жатқан шара қала тұрғындарына тиімді болып отыр. Өйткені мұнда мемлекеттік қызмет көрсетудің сұранысқа ие салалары бойынша арнайы мамандар көмегі көрсетіледі. Айта кетелік, қазіргі таңда  өңірімізде білім беру және спорт, ветеринария мен тұрғын үй құрылыс шаруашылығы сынды салаларға маман тапшылығы байқалады.

Онлайн қызметтер жүйесі еліміздегі жұмыссыз жастарды да толық қамтамасыз етуге жол ашады. Ал,  «Электронды үкімет» порталы  жылдам, әрі уақыт үнемдейді.  Және қызмет алушылар көкейде жүрген сұрақтарына да жауап ала алады. Бұл істі жұртшылық қолдап отыр.

Қолға алынып жатқан жәрмеңкеде бас – аяғы 300 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.  Нәтиже оңды болса, ашық әрі мөлдір жұмыспен қамту жүйесі  одан әрі жалғаспақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here