МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ АУҚЫМДЫ ЖОБА ІСКЕ АСҚАН (ФОТОРЕПОРТАЖ)

0
113

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясында елімізді әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына қосудың басты бағыт-бағдарын айқындап берді. Бұл міндетті жүзеге асыруда ауыл шаруашылығын дамытудың маңызы орасан. Қыс ауасы мал азығы мен жем-шөбі жетер ме екен?» деп жыл сайын бас ауыртатын шаруалардың қатары көп екені белгілі. Енді бұл мәселенің шешімі табылды. Жамбыл облысында алғаш рет гидропоника әдісімен жыл бойы жасыл жем дайындайтын цех ашылды. «ҚазГидропоника» бастамасымен іске асқан жоба, инновация игілігі соңғы жылдары аймақта қарқынды дамып келеді. Мал азығын дайындаудың тың тәсілін меңгерсеңіз  жер жыртып әуре болмайсыз. Мал азығы аз деп те алаңдамайсыз. Енді бәрі жаңа технологияның көмегімен дайындалады. Гидропоника әдісі арқылы күніне 400 келі өнім өндіруге болады. Ал, жылына шамамен 150тоннаға жуық жем-шөп жинауға мүмкіндік бар. Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш ауылдық округінде соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауқымды жобалар іскен асқан деп айтуға толық негіз бар. Солардың қатарында ауыл ішіндегі жолдар жөнделген.  7 мыңға жуық тұрғыны бар окрукте тұрғындардың басым бөлігі егін шаруашылығы мен көкеніс өсірумен айналысады. Бұдан бөлек, шағын және орта кәсіп көлемі жыл санап өсіп келеді. 50 жуық түрлі кәсіппен айналысатын азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз істерін жүргізіп отыр. Үстіміздегі жылдың басынан бері ауыл азаматтары «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы да өз жұмыстарын жандандырып келеді. Дегенмен, қала іргесіндегі ауылдық округте негізгі мәселе ауыз су болып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here