ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

0
335

 Өңірімізге  жұмыс сапарымен келген ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді. «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері азаматтардың арызы мен өтініштерін  тыңдады. Кездесуге келгендер баспана мәселесі және күрделі жөндеу қажет ететін мектептер жайын қозғаса, қала маңындағы елдімекен тұрғындары балабақша мен мектеп салып беруді сұрап отыр, деп хабарлайды http://taraztv.kz

Мәжіліс депутаттарымен кездесуге алдын-ала 6 адам жазылған. Олардың көбісін толғандырған әлеуметтік саладағы мәселелер болды. Шалғай Қарасу алқабындағы ауыз су мен көгілдір отын мәселесін айта келген Қалтай ақсақал елдімекенге мектеп, балабақша жетіспейтінін де жеткізді. Ал, сала мамандары 600 орындық білім ордасының сметалық құжаттары дайындалып жатыр дейді. Халық қалаулыларының қабылдауы болады дегенді естіп, алып-ұшып жеткендердің бірі —  Күнсұлу Әшенова. Айтуынша, 2018 жылы үйі өртеніп, екі бірдей баласынан айырылыпты. Тірнектеп тапқан нәпақам түгімізге жетпейді деп жылаған ана жолдасының да ауыр сырқаттанып, жұмыссыз жатқанын жеткізді. Қайғы жұтқан қала тұрғыны депутаттардан баспана мәселесін шешіп беруді сұрады.Арызды мұқият тыңдаған депутаттар бұл мәселенің тек заң жүзінде іске асатынын алға тартты. Айтуларынша, алдымен бұл отбасы тұрғын үй кезегіне тұруы керек.

Бұдан өзге қабылдауда орыс тілі пәні мұғалімдерінің жетіспей жатқаны да сөз болды. Сонымен қатар, № 31 орта мектебінің ата-анасы балалары білім алатын оқу ғимаратына күрделі жөндеу керек екенін жеткізді. Қала тұрғындарының өтініш тілектерін жауапты сала мамандары да тыңдады. Алдағы уақытта олар осы өтініштер бойынша жұмыс жүргізетін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here