«Жамбыл облыстық филармониясына» Кенен Әзірбаев есімі берілді

0
968

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “Жамбыл облыстық филармониясы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Кенен Әзірбаевтың есімі берілді. 

“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, “Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысына сәйкес енгізілді.

Кенен Әзірбаев (1884-1976) – қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі.

Ол Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген.

Оның қаламынан туған «Шөпке барғанда», «Құдалар», «Әли батыр», «Қырғызбай», «Кенебай-Кербез»,« Бұрынғы өткен батырлар», «Жалғыз қаз». «Жамбыл – жыр» атты толғау, дастандары бар.

Екі мәрте Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here