«ТAMYZ TALKS» ОНЛАЙН ДӘРІСІ ӨТТІ

0
461

Қазіргі білім мен ғылым қарқынды дамыған заманда ұстаздар қауымына артылар жауапкершілік те салмақты болмақ. Демек, бала жанының бағбандары  да үнемі үздіксіз ізденісте болуы тиіс. Осы орайда облыста Тамыз кеңесі қарсаңында тұңғыш рет ТЕD форматында «Тamyz talks»  ынталандыру бағытындағы шеберлік дәрісі өтті. Онда әлемдегі беделді білім ордаларында оқып, орта білім беру бағытында табысты еңбек етіп жүрген тараздықтар жиналғандармен онлайн режимде тілдесіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Педагог мамандардың басын қосқан бұл жиын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Тараз түлегі» жобасы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат — әріптестер  арасында кәсіби байланыс орнату арқылы білім жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстыру. Сонымен бірге өзара еркін пікір алмасып, біліктілігімен бөлісу.

Қанат ӘУЕСБАЙ — МОДЕРАТОР

Онлайн дәрісте спикерлер педагогика саласында табысты болудың жолдарын,  тұлға қалыптасуындағы сапалы білімнің маңызы мен білім беру саласындағы жаңа көзқарас пен заманауи тың технологиялар турасында сөз қозғады. Конференцияға Кэмбридж университеті мен ТарМПУ түлегі  Нұрмұхаммед Досыбаев арнайы келсе, Британ аралдарынан жерлесіміз Гүлмира Қанаева тікелей байланысқа шықты.

Нұрмұхаммед Досыбаев     КЭМБРИДЖ университетінің түлегі

Осы жиынға алыс аудандардан арнайы келіп қатысқан мұғалімдер ұстаздардың көшбасшылығын дамыту бойынша тұщымды ой түйіп, біраз бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәліметтерді санаға түйдік, десті.

Ғазиза БОЗАЕВА – ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ /ЖУАЛЫ/

Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек. Ұстаздың алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ, дейді білім саласының белсенділері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here