«Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғыру кепілі»

0
178

«Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғыру кепілі». Осындай тақырыппен бүгін Жамбыл облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы өтті. Жиында бірқатар стартап жобалар ұсынылып, нақты шешімдер шығарылды, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

87 ұлт пен ұлысты ұйыстырып отырған облыстық ассамблеяның қарамағына 75 этномәдени бірлестіктер, 177 қоғамдық келісім мен 55 аналар кеңесі кіреді. Елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға айтарлықтай үлес қосып келе жатқан олар өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде де айрықша рөлге ие.

Михаил БУНИН / ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ /Біз тұтастай алғанда, осы уақытқа дейін атқарған жұмыс барысын қортындылаймыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген қызықты жобалар іске асырылды. Қазір халықтар мәдениеті, соның ішінде Жамбыл облысында тұратын этностардың мәдениеті туралы энциклопедия шығаруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ол баспа түрінде де, электронды формат түрінде де жарық көретін болады/

«Тіл, мәдениет және дәстүрді» дамытуға жергілікті бюджеттен 22 млн 500 мыңнан астам қаржы қаралған. «Рухани жаңғыру» аясындағы  «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штабының жұмысы ерекше назар аударуға лайық. Іс-шара барысында «Экологиялық таза гофра картонын шығару» және «Егістік жерлерде жаңа тыңайтқыштарды пайдалану мүмкіндіктері» тақырыптары бойынша жастардың 2 стартап жобалары ұсынылды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов нақ осындай бастамаларды жүзеге асыру арқылы өңірді дамытуға болатынын атап өтті. Асқар МЫРЗАХМЕТОВ / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /Егер белгілі бір ауданда немесе елдімекенде қандай  да бір жобаны жүзеге асыру қажет болса, біз ондай кез келген ұсынысты қарауға әзірміз. Біз осылай тапсырмаларды шешетін болсақ, онда нақты жұмысты атқардық деп ойлаңыздар. Бүгінгі күн тәртібіндегі – «Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғыру кепілі» дегеніміз осы, міне!/ Сессия барысында  медиация жүйесі  арқылы түрлі мәселелердің алдын-алуға болатыны айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік бірлікті нығайту туралы шешім қабылданып, жастардың идеяларына қолдау білдіруге, өзекті тапсырмаларды орындауға қоғамдық келісім кеңестерінің қатысуын кеңейту керектігі сөз болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here