«Тоқмади ісі»

0
542

Кеше Таразда белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмадиге қатысты алдын –ала сот тыңдалымы өтті деп хабарлайды Jambyl

Оған «Тұран әлем банкінің» бұрынғы басқарма басшысы, банкир Ержан Тәтішовты өлтірді деп айып тағылған.
Тоқмадидің ісі 78 томнан тұрады. Оған адам өлтірді деген ауыр айып тағылып отыр. Сот тыңдалымы Мұратхан Тоқмади мен оның қорғаушысы қатысты. Айыпталушы тарап өтініштері бойынша бейнекамераға түсіруге келісім берілмеді. Аты шулы іске қатысты сот отырысы жұмаға белгіленді.

Ілияс Есқалиев, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ /// Мұратхан Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «ж», «з» тармақтарымен кісі өлтіру, оның ішінде «алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобын құру, пайда табу мақсатында жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен адам өлтіру» бойынша айып тағылды. Тергеу кезінде Тоқмади өзінің қылмысын мойындады. Ол аңшылық кезінде «Зауэр» маркалы мылтықты қолданған. Тапсырысты кім бергені жайлы ақпараттар әзірге айтылмайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here