ТАРАЗДА ТАЛ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

0
60

Бүгін республикалық көгалдандыруға бағытталған сенбілікке жамбылдықтар да белсене атсалысты. Шараға облыс басшысы Асқар Мырзахметов бастаған барлық орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары, ардагарлер кеңесі және өзге де ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Көктем және күз айларында өтетін акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру.Облыс бойынша барлығы 18466 адам 18880 көшет отырғызды. Оның ішінде, қарағай, шырша, қарағаш, арша, терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш түрлері бар. Сенбілік өңірдегі 98 елдімекенді қамтыды.
Айта кетейік, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов тал егу акциясына облыстың шалғай ауданы-Мойынқұмнан қатысты. Онда мойынқұмдық жастар мен
қызметкерлермен бірге «Жаз Ата», «Жасыл ел» саябақтарына тал егіп, шараға қарқынды үлес қосты. Аталған акция аясында облыс әкімі Асқар
Мырзахметов және Мойынқұм ауданы әкімі Мәден Мұсаев туя, емен, терек
ағаштарын отырғызып, игі істің маңыздылығын туралы тоқталып өтті.
Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара облысымыздың барлық аудандарында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жалпы, көшетті көбіне көктемде отырғызады, десе де, оған көп күтім керек екен. Ал, күзде отырғызылған шыбықтар еккеннен кейін тамыр жайып, тез өнеді. Олар көп күтімді қажет етпейді. Тек отырғызар алдында ережелеріне мұқият мән берген абзал. Артық бұтақтарын қырқу, суды мөлшермен құю секілді жұмыстарға қадағалау керек. Алайда, тамыр жайып көгерген кезде күші көп кетпеуі үшін күтім керек, – дейді бағбандар. Күзде еккен жеміс ағаштары, әсіресе, жүзім жемісті бір жыл бұрын береді. Иә, ең бастысы табиғат тазарып, кент кескіні келісті болып, балаларға сая болатын ағаштардың саны артқаны қуантады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here