ТАРАЗДА ПОЛИЦЕЙЛЕР АРАСЫНДА АБАЙ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

0
41

Биыл, 2019 жылы ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар басталады
Жамбыл облысы Полиция департаментінің полицейлері арасында  Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған  «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты байқау ұйымдастырылды,  деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Іс- шараның басты мақсаты — Ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту, шығармашылығын,  асыл мұраларын насихаттау, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидаларын орындау. Елімізде  жарияланған Жастар жылы аясында дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу.   Байқауға ҚАПБ қызметкерлері сыңға түсті.  Барлығы 18 қатысушы. Алғашқы сөз кезегі — Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ералин Бақытжан Ерболатұлына берілді. Ол өз кезегінде барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Абайдың 175 жылдығын тойлау туралы заңға қол қойылып, халқымыз — ел болып,  Ұлы Абайдың рухына тағзым етіп,  айтулы эстафетаны мемлекеттік деңгейде жер-жерлерде өткізіп жатқанда, біз де өз үлесімізді қосқанды жөн көрдік»- деп атап өтті. Қазылар алқасы құрамында: Жамбыл облысы Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Б.Бегалиев, Жамбыл облысы ІІО Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А. Арқабаев, Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офис директорының орынбасары Қ.Бекжан, Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  директоры Э. Абдинова Елеусізқызы болды. Қатысушылар көрермендерді Абай атамыздың қара сөздерін жатқа оқып тәнті етсе, ал бірі әндерін шырқап көрермендер көзайымына айналды. Байқау соңында әділқазы алқасы шешім шығару оңайға түспегенін айтып өтті. Сөз алған Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисі  бастығының  орынбасары Қадірбек Бекжан басшылық атынан барлық қатысушыларға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті. Тартысты өткен байқауда жүлделі 3-ші орынды Шу АПБ учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Төлеубай иеленіп, 2-ші орын ПД Жедел криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Ақбота Махамбетоваға бүйырса, үздік болып  — Сарысу АПБ учаскелік полиция инспекторы Руслан Мусаев танылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here