ТАРАЗДА ИННОВАЦИЯ ДАМИДЫ

0
40

Бүгін қалалық мәслихат сессиясы болып өтті. Онда қала тұрғындарының көкейінде жүрге сауалдарға жауап беріліп, алғашқы  жарты жылдық қорытындыланды, деп хабарлайды

Депутаттар алдында алты айды қорытындылаған Қайрат Досаев атқарған жұмыстары мен  алдағы жоспарларын мәлімдеді.  Қалада «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бастамалар айқындалып отыр. Атап айтсақ, №41 мектеп-гимназиясында оқушылардың сабаққа келу және үйлеріне қайту мерзімдерін тіркеп отыратын «Қауіпсіз мектеп» жобасы енгізілді, 16 мектепте бейнебақылау жүйесі жаңартылды. Қаладағы 41 мектепте Wi-Fi сымсыз ғаламтор желісі орнатылса, 5 мектеп робототехника кабинеттерімен қамтылды. Бұдан басқа, облыс орталығында республикалық деңгейде алдыңғы қатарда саналатын «Тараз-Hab» IT-мекемесі 4 мектепке (№5, 45, 51, 54) IT-кабинетін жабдықтау жұмыстарын бастады. 2019 жылы орта мектептерде 10 дана робототехника сыныптарын ашу көзделуде.Сонымен қатар «Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ-ның базасында 67 информатика мұғалімін бағдарламалау, робототехника, 3D модельдеу бойынша оқыту және кәсіби дамыту, мектептерге 706 дана компьютер және мультимедиялық техникамен жабдықтау, мектепке дейінгі білім мекемелеріне кезекке қою мен жолдама беру қызметін автоматтандыруды іске асыру, фото және бейнежазу жүйесін және мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу, виртуалды және толықтырылған шындық зертханасын ашу, 2019-2020 оқу жылдарында 4-сыныпқа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері» пәнін енгізу жоспарлануда.Бұдан басқа, кітапхана оқырмандарымен бірлесе шығармашылық іс-әрекет жасау мақсатында 2019 жылғы 2-ші жартыжылдықта М.Шолохов кітапханасынан «Коворкинг» орталығын ашу көзделуде.Жол, су, жарық, қоқыс бұл қаланың қазіргі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі.  Бұлар депутат назарынан тыс қалмады.  Осылайша  алты айда атқарған емес алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға баса назар аударған шаһар басшысына облыстық мәслихат депутаттары Таразды түрлендіру үшін ең алды жоспар құрып жұмыс істеу керектігін ескертті. Одан бөлек, баяндамада  Өнеркәсіп өндіріс көлемі 139 млрд. тан асқаны айтылды.   Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 млрд. қа артық орындалған.  Көтерме сауда тауар айналымы 73,7 млрд. ты құрап отыр. Сондай-ақ, көп балалы отбасыларына арналған тұрғын үй мәселесі де кезегімен шемімін таппақ. Бұл тұрғыда «Арай» тұрғын алқабы мен «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 8 шағын жатахана құрылысы басталмақ. Оған облыстық бюджет есебінен қаржы да бөлініп отырғаны айтылды

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here