Таразда жоғалып кеткен жасөспірім құрбысының үйінде болған

0
620

Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінде 14 жастағы оқушының жоғалу оқиғасына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік тілшісі 14 жастағы оқушы Яна Шиповскаяның жоғалуына байланысты аталмыш ведомствоға сауал хат жолдаған болатын.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Яна 19 сәуір күні мектептен шығып кетіп, оралмаған. Ата-анасы полицияға хабар беріп, әлеуметтік желіге Янаның із-түзсіз кеткені туралы жазбалар мен хабарламалар таратылған. Іздеу жұмыстарына Тараздың еріктілері де жұмылған.

«Ол бір тәулік өткеннен кейін табылды. Өзінің айтуынша, Яна маршрутты автобусты шатастырып алып, үйіне барудың орнына Сахпоселокқа қалай кетіп қалғанын білмей қалған. Ол жерде Янаның құрбысы тұрады. Кері қайтуға ақшасы болмағандықтан, Яна құрбысының үйіне барған. Ата-анасына ескертпей, құрбысының үйінде қонған. Таңертең ол табылды», — деп түсіндіреді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here