Таразда газ құбырлары жөндеуден өтті

0
553

Тараз  газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, жаңасы салынып жатқан екінші қала. 2011 жылы  бастау алған  «Газ тарату желілерін жаңғырту» жобасының жөндеу жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  өткізген баспасөз-турында хабарлады.  Жөндеу жұмыстары басталмай тұрып аймақтағы газ тарату желілерінің жартысына жуығы тозығы жетіп, авариялық жағдайда тұрған көрінеді.  Жамбыл облысы бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 4600 астам км құрайды.  Инвестициялық жоба іске асырылғаннан кейін жер асты газ тарату құбырларының 900 км жаңаланған. Сондай-ақ  аталмыш жоба аясында  Аймақта  19 мың пәтер, 8 аудан, 5500-ге жуық кәсіпорындар газдандырылған.Жер астындағы темір құбырлар енді 50 жылдам астам уақытқа төтеп бере алатын полиэтилен құбырларымен алмастырылған. Және жеке шкафтық пунктер орнатылыпты. Олар құбырда ақау шыққан жағдайда, бүкіл көше газсыз қалдырмай , тек істен шыққан жері ғана өшіріп, қайта жөндеуге мүмкіндік береді. Жүргізілген жұмыстардан бөлек,  жер бетіндегі  төмен қысымды газ құбырларының орнын орта қысымды жер асты газ құбырлары алмастырған. Тұтынушылар енді газбен үздіксіз және сапалы қамтамасыз етіледі деп отыр. Еске сала кетейік елдімекендерді газбен қамту Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасында тапсырылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here