ТАРАЗДА АЛҒАШ РЕТ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫ ӨТТІ

0
161

Қазір қоғамның кез-келген саласында ерлермен қатар, жемісті еңбек етіп жүрген әйел азаматтар аз емес. Әлемдік статистикаға қарасақ, жұмыс істейтін әйелдердің 60 пайызы қызмет көрсету саласында еңбек етеді екен. Жамбыл облысында өз ісін ашып, кәсібін дамытатын әйелдер қатарын көбейтуге қолдау көрсетуде. Бүгін Тараз төрінде  аймақтың түпкір-түпкірінен келген нәзік жандылар бас қосты, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Мұнда елдімекенде тұратын қыз-келіншектердің әлеуетін арттыру мақсатында ауыл әйелдерінің бірінші форумы өтіп жатыр. Форум Жамбыл облысы әкімдігі, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, «G-Global халықаралық хатшылығы, сонымен қоса халықаралық Coco-Cola қорының қолдауымен EXPO-WOMAN ұйымының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Алдымен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Шүкеев М.Ж қатысуымен пленаралық сессия болып өтті. Онда Жамбыл ауданы әкімі орынбасары Найманова Ү.Қ, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Аралбекова Қ.Ә, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы сөз сөйледі.

Аталмыш форумда «Менің  жетістігімнің тарихы» шеруі ұйымдастырылды. Шеруді «Менің  жетістігімнің тарихы-2018» номинациясының былтырғы иегері Абитаева Ғ.Ә  ашты.

Форум жұмысы басталмас бұрын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина және Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес мүшесі Салтанат Рақымбекова баспасөз конференциясын өткізді. Брифинг барысында олар форумның негізгі мақсаты мен жалпы ауыл әйелдеріне қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

Сонан соң, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина және Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес мүшесі Салтанат Рақымбековалар баяндама жасап, еліміздегі әйелдердің ахуалы, олардың кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызметтегі орындары туралы сөз қозғады.

Бүгін кешке дейін созылатын форум жұмысы бұдан әрі пленарлық отырыстармен жалғасады. Онда кәсіпкер келіншектерге көрсетіліп отырған қолдаулар, әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, агротуризмді дамытудағы әйелдердің рөлі, ауыл әйелдері арасында көшбасшыларды шығару, жұмыссыз әйелдерді қолдау жөніндегі шаралар, отбасы құндылықтары мен қазіргі заманғы гендерлік саясат, ауыл шаруашылығымен айналысатын әйелдерге несие беру мәселелері көтерілмек.

Сондай-ақ, жиын барысында ауыл әйелдерінің республикалық форумына делегаттар сайланып, кәсіпкер келіншектер өндіретін тауарлардың көрмесі де өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here