Танымал қазақ әншісі халықаралық байқауда топ жарды

0
532

“Ағайынды Жүгүнісовтер” тобының әншісі Мирас Жүгүнісов халықаралық ән байқауында еліміздің атынан өнер көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Өнер иесі Грузияда өткен халықаралық “Жібек Жолы жұлдызы” байқауында 1-орын алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.

“Ағайынды Жүгүнісовтердің әншісі, Грузияда өткен Халықаралық байқаудың 1-орын иегерін құттықтап қоялық, отандастар! Биіктен көріне бер, құлыншақ!” – деп ақжарма тілегін жеткізді ол.

Айта кетейік, аталған ән додасына 14 елден келген әншілер қатысқан. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан қатысушылар бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жыл сайын Ұлы Жібек Жолы бойындағы мемлекеттер арасында өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here