ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

0
204

 

Бүгін Тараз қаласында білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.  «Келешекке – кемел біліммен» тақырыбында өткен алқалы жиында  білім саласындағы алдағы жоспарлар нақтыланып, білім жүйесіндегі бетбұрыстар таныстырылды, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Биыл төртінші, тоғызыншы және оныншы сыныптар жаңартылған білім жүйесіне көшеді Ал,  аймақтағы мектептердің 5-6 сыныптары арасында тұңғыш рет облыстық пән олимпиадасы өткізілмек.   Сонымен қатар, биыл мектептерде домбыра сабағы енгізіліп, баланың ойлау қабылетін арттыратын үйірмелер көбей түседі.  Өткен оқу жылында айтуға тұрарлық табыстар бар. Мектеп бітірген 8813 түлектің 317-сі «Алтын белгіге», ал 242 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. Талапкерлердің 65,4 пайызы грант жеңіп алды. Ал, алдағы оқуы жылына 130 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Демек, алдағы жұмыс ауқымды.

Ел Президенті қала мен ауылдағы білім деңгейінде ешқандай айырмашылық болмау қажеттігін айтты. Аймақтағы мектеп оқушыларының 34 пайызы қосымша біліммен қамтылған.  Бұл бағыттың  өрісін кеңейту үшін облыс орталығында оқушылар сарайын салу жоспарлануда.  Асқар Мырзахметов сондай-ақ, қосымша білім берумен қамтуды мектептер мен мектептен тыс ұйымдардағы түрлі бағыттағы үйірмелер  мен секциялар желісін кеңейту есебінен де ұлғайту қажеттігін айтты. Бұл ретте басты назар ғылыми-зерттеу жобаларына, ІТ- саласына, техникалық бағыт пен шығармашылыққа және өнертапқыштыққа бағытталмақ.Сондай ақ, облыс әкімі мектептерде шахмат үйірмелерін ашып, домбыра сабағын енгізу керектігін атап өтті. Ұлттық және адами құндылықтарды бойына жинаған ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет. Осы білім мен құндылықты біте қайнастырған  білім –инновация лицейінің  өкілі бұл тәсілдің ұлт болашағы үшін  маңызды екенін айтады. Бұл ғасыр – білім мен ғылым салтанат құрған дәуір. Ортақ мақсат-мүдделері бір арнаға тоғысқанда ғана үлкен жетістікке жетпек. Бұл ретте ұрпақ тәрбиесі мен  сапалы білім  сынды зор жауапкершілік педагогтармен бірге, ата-аналар тең атсалысуы маңызды. Жиында білім жүйесіне заманауи озық технологияны енгізуден бастап, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы тың идеялар айтылып,  орамды ойлар ортаға салынды.  Тамыз кеңесі  бала тәрбиесі мен оқу үрдісінде үздіктер қатарынан көрініп, облыстың білім беру жүйесін жетілдіруге сүбелі үлес қосқан  мұғалімдерді  марапаттаумен түйінделді.  Ұлағатты ұстаздар  облыс әкімінің құрмет грамотасымен, «Ыбырай Алтынсарин»  және Білім және Ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар мектептерге 24 миллион теңгеден басталатын сертификаттар  табысталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here