Сарысуда құрылыс қарқынды дамуда

0
567

Сарысу ауданында тұрғын үй құрылысы 2017 жылмен салыстырғанда 2,3 есе ұлғайды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Сарысу ауданының әкімі Балабек Нарбаев айтты.

Сондай-ақ, Балабек Жанбекұлы ауданының 2018 жыл I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Аудан әкімінің айтуынша, 2018 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша өнеркәсiп кәсiпорындары 9,2 млрд. теңгеден астам өнім өндірген. Нақтырақ айтсақ, өнеркәсiп өнiмдерiнiң физикалық көлем индексi өткен жылмен салыстырғанда 104,0 пайызды құрады. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 4,7 млн. теңге болып, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызды құрады. Сондай-ақ, ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша да қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мысалы қаңтар-маусым айларында жалпы алаңы 7895,0 шаршы метр болатын 11 жеке тұрғын үй мен 1 коммуналдық көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғын үй құрылысы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,3 есе ұлғайған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here