«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

0
130

 

Таразда  «Рухани жаңғыру»   облыстық оқыту семинары  болып өтті. Онда  дәріс оқылып, ұлттық ойындардан түрлі сайыстар өтті. Сөз бен істі сабақтастырған семинарға рухани жаңғыру жобаларын ауыл аймақтарда да  жүзеге асыратын мамандар қатысты, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Оқыту-семинарына облыс орталығы мен аудандардан жобалық кеңсе қызметкерлері мен жауапты мамандар келді. Оларға екі күні бойы бағдарлама шеңберіндегі жұмыстардың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді. Ал семинардың екінші күнінде қатысушылар аймақтың киелі жерлеріне экскурсия жасады. Сондай-ақ, ұлттық ойындардан жарысқа түсіп кім мықтыны анықтады. Сайыс асық ату, арқан тарту, садақ ату бойынша өткізілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here