Павлодарда қызметтік көлігімен үш адамды қаққан шенеунік жазадан құтылды

0
472

Павлодарда қызметтік көлігімен үш адамды қағып кеткен шенеуніктің ісі тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Павлодар облысы бойынша жер қатынастары басқармасының басшысы жасаған жол-көлік оқиғасына қатысты іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Қазіргі уақытта мен қабылданған шешім бойынша ресми сауал жолдадым», — деді Павлодар облысындағы әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл Юрий Фельдман.

Сондай-ақ, ол жауап алынған соң этика жөніндегі кеңестің шенеунікке қатысты тәртіптік істі қарайтындарын айтты.

«Қылмыстық іс ақталмайтын негізде тоқтатылған болса, этика жөніндегі кеңес шенеунікке қатысты тәртіптік істің материалдарын қарап шығады», — деді  Юрий Фельдман.

Еске сала кетейік, жер қатынастары басқармасы басшысы жол апатын былтыр күз айында жасаған болатын. 33 жастағы ер адам қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota көлігімен соғысқан болатын. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен Toyota көлігіндегі екі жолаушы зардап шекті. Олар бірден ауруханаға жеткізілген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here