Назарбаев терминдерді қазақ тіліне аударуға қатысты пікір білдірді

0
858

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кейбір терминдерді мемлекеттік тілге аударуға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары ғалымдарымыз, жалпы біздің халық бір жаңалықты көріп қалса, бірден ұрандатып кететін. Шетелдің және орыстардың сөздерінен құтылғымыз келді. Барлық аударманы жасадық. Айтуға ұяласың», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы бірнеше мысал келтірді.

«Процент» сөзін түркі тілдес сөзге емес, керісінше, парсы тіліне аудардық — «пайыз» деп. Мен мұнымен келіспеймін.  (…) Маған марқұм Еркеғали Рахмадиев былай дейтін: «Мен композитор болдым, кейін «сазгер» болдым. Композитор, пианино сөздерінің несі жаман? Бұлар халықаралық сөздер ғой. Пианино сөзін «күй сандық» деп аудардық. Жалпы, тілімізді байыту үшін кейбір сөздерді аудардық», — дейді Президент.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мұндай терминологияны қазақ тіліне аудару міндетті емес екенін айтып өтті.

«Халықаралық терминдер қазақ тіліне енсе, ол тек қазақ тілін байытады. Мұнымен қоса, ол сөздердің санын арттырады», — деді Президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here