ОҚО-да жоғалған жеті жастағы қыздың мәйіті табылды

0
677

Оңтүстік Қазақстан облысында 26 наурызда жоғалған жеті жастағы Инабат Мұхтарқожаның өлі денесі 28 наурыз сағат 20:10 шамасында су арнасынан табылды, деп хабарлайды Today.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш АІІБ-на жеті жастағы немересінің жоғалғаны туралы әжесі арызданған. Жоғалған баланың жас екенін ескере отырып, полиция қызметкерлері тез арада арызды қабылдап, іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Іздеу жұмыстарына Ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жалпы 150-ден астам адам жұмылдырылды.

Сараптамалар тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here