Оралда мешіттерде ұрлық жасаған ер адам сотталды

0
667

Оралда 25 жастағы жігіт қала мешіттерінде 4 рет ұрлық жасаған, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Бүгін, 23 ақпанда Орал қалалық сотында Атырау облысының тұрғыны 25 жастағы Қуандық Калимовқа қатысты сот үкімі шықты. Ер адам 2017 жылдың желтоқсан айында қаладағы мешіттерде 4 рет ұрлық жасап, онымен қоса, ер адамды ұрып-соғып, оның телефоны мен 185 мың теңгесін алып кеткен.

Сот барысында сотталушының мешітке келген адамдардың күрткелеріндегі заттарды ұрлап жүргені анықталды. Барлық төрт ұрлық дерегі бойынша келтірілген моральдық шығын — 303 мың теңге.

Судья Руслан Жұмағұловтың айтуынша, сотталушылардан зардап шеккендердің барлығы оны кешірді. Себебі Калимов материальдық шығынды толықтай өтеген.
Сот Қуандық Калимовты айыпты деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Ол жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here