Омбы тұрғындары жаппай Қазақстанға көшіп жатыр — БАҚ

0
576

Омбы облысының тұрғындары жаппай Қазақстан мен Украинаға көшіп жатыр, — деп хабарлайды «Омск здесь» басылымы.

Омбы облысының мемлекеттік статистикасының федералды қызметінің мамандары жүргізген зерттеу осындай қорытынды көрсеткен.

«2017 жылғы көші-қон көрсеткіштері бойынша 4721 омбылық Қазақстанға, Арменияға 323 және Украинаға 696 адам көшкен.

Сонымен қатар, 320 омбылық Германияға, 21 адам Вьетнамға, 27 адам Грузияға, 20 адам АҚШ-қа және 11 адам Канадаға қоныс аударған», — деп жазады басылым.

Жалпы бұл аймақтан бір жылда 63 935 адам қоныс аударып, 54 82 адам көшіп келген. Осылайша, 2016 жылмен салыстырғанда көші-қон салдарынан адам санының кемуі 66 пайызға артқан.

«Омбыны тастап кетіп жатқандардың басым бөлігі — еңбек жасындағы адамдар», — деп жазады басылым. Статистика комитетінің мәліметінше,  2017 жылы Казақстанға 35 680 азамат қоныс аударған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here