ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 36-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

0
138

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 36-шы  сессиясы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Олардың қатарында өткен жылғы бюджет қаржысының игерілуі, өңірдің сәулет — қала құрылысы бағытындағы жұмыстары бар. Мәслихат депутаттары жауапты басқарма басшыларының есебін тыңдап, маңызды шешімдер қабылдады, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

2018 жылы облыстық мәслихаттың 12 сессиясы, соның ішінде кезектен тыс 8 сессиясы өткізілген. Депутаттар сессияларда бірқатар мәселелерді қарап, жалпы саны 200-ден аса шешімдер қабылдады, 22 шешім әділет департаментінде тіркеуден өтті. Жамбыл облысының 2019 – 2021 жылдарға арналған бюджеті қабылданды және көптеген қағидалар мен ережелер мақұлданып, облыс әкімдігі жанындағы жаңадан құрылған комиссиялар мен кеңестердің құрамдары бекітілді.

 

Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ /Есепті кезеңде Жамбыл облыстық мәслихатының аппаратына жеке тұлғалардан 14, заңды тұлғалардан 17 өтініш қабылданып, олардың барлығына толымды жауаптар жолданды. Сонымен бірге мәслихат аппаратына әртүрлі тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді қамтыған 788 хат келіп түсті, оның 596-сы мемлекеттік органдардан, 192-і мемлекеттік емес мекемелерден түскен. Келген хаттардың  473-і арнайы назарға алынып, 315 хатқа тиісті жауаптар жолданды/.

 

Сессияның күн тәртібінде, сондай-ақ, 2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылу барысы да қаралды. Облыстық бюджеттің кірістері өткен жылы 221,3 млрд теңгені құрап, 1,5 млрд теңге артық түсім түскен. Жалпы алғанда, Жамбыл облысы басқа өңірлермен салыстырғанда қаражатты игеру көрсеткіші бойынша алғашқы бестіктің құрамында.Бүгінгі күнге облыстағы 377 елдімекеннің 362-сі бас жоспармен және оңайлатылған сызба жобаларымен қамтылған. 50 шақты ғана халық саны бар 15 елдімекеннің бас жоспардың оңайлатылған сызба жобасы әзірленбеген. Олардың ішіндегі 8-іне оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, Мойынқұм ауданынының 4 елдімекенінде халық тұрмауына байланысты таратылмақ. Ал, Тұрар Рысқұлов, Сарысу және Шу аудандары бойынша 4 елдімекен жақын орналасқан ауылдардың аумағына қосылатын болады. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы аумағын дамытудың кешенді кестесі дайындалу үстінде.Сондай-ақ, мәслихат депутаттарынан құралған арнайы комиссия тобының атқарған жұмыстары айтылды. Олар құқықтық тәртіп пен әлеуметтік-мәдени бағытта жұмыс жасаған. Жиын соңында халық қалаулылары күн тәртібінде көтерілген мәселелерге байланысты шешімдерді мақұлдады. Оның ішінде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасын тағайындау және Байзақ ауданында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыстары бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here