Назарбаев ҰҚК төраға орынбасарларына жаңа шен берді

0
599
© Тұрар Қазанғапов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
генерал-лейтенант әскери атағы Жанжүменов Талғат Жеңісұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына, Өсіпов Марат Сапарұлына; 
сыртқы барлау генерал-лейтенанты арнаулы атағы Байжанов Ғабит Жақыпбайұлына;
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлына;
генерал-майор әскери атағы:
Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлына,
Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына,
Бочаров Дмитрий Владимировичке,
Көпбаев Қайрат Рашидұлына,
Қалиев Арман Зарлықұлына,
Ізтілеуов Серік Бақытжанұлына;
авиация генерал-майоры әскери атағы Подгайский Евгений Евгеньевичке;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
Оңғарбаев Сабыржан Ибрагимұлына,
Рақымбердиев Бақытбек Төлешұлына;
сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Оразов Нұрлан Оразұлына;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
Абисатов Махамбет Хайыржанұлына,
Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына,
Қабденов Мұрат Талапұлына,
Сүлейменов Жанат Қуанышұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Дембаев Болат Бекназарұлына,
Жылқыбаев Азамат Сембайұлына;
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Әзбергенов Дулат Байдалыұлына берілсін», — делінген қаулыда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here