МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫНЫҢ САПАРЫ

0
305

 

 

Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы ретте  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, халық қаһарманы  Бақытжан Ертаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары Шу ауданында жалғасты. Онда халық қалаулысы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, халықпен жүздесті.

Халық қаһарманы  Бақытжан Ертаев  Шу қаласындағы Тоғай мөлтек ауданына ат басын бұрып, бүгінгі таңда құрылысы жүріп жатқан мектептің жұмысшыларымен кездесті.  Мердігер «Құрылыс ТЭД»  65 адамды жұмыспен қамтып отыр.  Күннің суытуына байланысты қазір нысанның ішіндегі монтаж жұмыстары атқарылуда.  Жаңа оқу жылында мектеп  толығымен аяқталып, пайданалуға беріледі дейді жауапты мамандар.

Келесі кезекте Шу қаласындағы емханасына барған  халық қалаулысы шешімін күткен мәселелермен танысты. Мұнда маман тапшы.  Бас дәрігердің айтуынша бос жұмыс орындары  жәрмеңкесіне  үнемі қатысып отыр, алайда нәтиже жоқ. Мәжлісімен күрмеуі қиын, шешімін күткен мәселерді алдағы уақытта шешуге ат салысатынын атап өтті.

Кездесу соңында, халық қаһарманы  Бақытжан Ертаев, Шу ауданының әкімі Қайрат Досаев және  ауған соғысының ардагерлері «Ауған соғысында қаза» болған азаматтарға арналған ескерткішке барып, боздақтарға тағзым жасады. Сонан соң орталық кітапханада мектеп оқушыларымен, ауған соғысы ардагерлермен  кездесу өткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here