«МЕН СЫЙҒА ТАРТҚАН ДОМБЫРА» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (фоторепортаж)

0
23

Елбасының «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында  ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, дамытуға  назар аударылған.  Аталған бағдарламаны жүзеге асыру іс-шаралары жоспарында аудандағы білім беру ұйымдарында  «мен сыйға тартқан домбыра» акциясы жүруде, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Қасиетті домбыра  ұлттық дәстүрімізбен бірге жаңғырып келе жатқан дүние. Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін  демекші, Айшабибі орта мектебінде демеушілер арқылы аталған акция аясында  жас өнерпаздарға домбыра тарту етілді. Өңірде күй өнерін, домбыра аспабын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау қолға алынған. Ұлттық өнерімізді насихаттау барысында, мектепте  үзіліс кезінде радиоторабы арқылы күй ойнатылып жүр. Бұл акцияны аудандағы  білім бөліміне қарасты  27 мектептің ішінен  алғашқысы болып өткізіп отыр. Саз аспаптарын жинауға кәсіпкерлер, ата-аналар, ауылдың ілкімді азаматтары атсалысты.  Бұның бәрі мектеп оқушыларының домбыраға деген құмарлығын оятып, ұлттық өнерді меңгеруіне ықпал етері сөзсіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here