КӨПБАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН КӘСІБІН АШТЫ (фоторепортаж)

0
123

Жамбыл облысында бүгінгі таңда 69800 кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр. Ал, олардың 40 пайызға жуығын нәзік жандылар құрайды.Кәсіпкерлікке кең өріс жайылып отыр. Мемлекеттің қаржылай қолдауы көпбалалы ана Малика Ибрагимованың көптен ойында жүрген кәсібін бастауына негіз болған. «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы арманын жүзеге асырған Малика 3 млн. теңге несиеге қол жеткізген, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында жұмыс жасайтын орталыққа ай сайын «Болашақ» бағдарламасымен субсидия бөлініп отырады. Мұның өзі айтарлықтай демеу. Осылай табыс көзін ашып, ісін алға сүйреген ардақты ана бірнеше адамды да жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, өрістетуді жоспарлауда. Ерте тұрып жұмысына асығатын ата-аналар үшін Жалпақтөбе ауылындағы аядай орталықтың пайдасы орасан болып тұр. Кезінде өздерінің балабақшада орын жетіспеу мәселесіне жиі тап болуы, әрі жолдасы екеуінің үлкен отбасынан шыққандығы — осы кәсіпті дөңгелетуге сеп болғанын айтады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here