КІТАП АЛМАСУ АКЦИЯСЫ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

0
180

 Таразда буккросинг-кітап алмасу акциясы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың мән-мағынасы түсіндірілді. Еркін форматта өткен іс-шараға жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері, белсенді жастар мен кітапхана оқырмандары қатысты.
 Шараның мақсаты — «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптарды жастардың білім алып, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін меңгертіп қолдану. Аталған жоба аясында шаһардағы 3 жоғарғы оқу орнына 6160 кітап келіп түскен. Бұл оқулықтар кез-келген тұрғын  үшін қолжетімді болып отыр.Өйткені цифрлы жүйе арқылы,  ұялы телефоныңызға арнайы қосымшаны жүктеп оқи аласыз. Акция барысында әлемдегі түрлі бағыттағы таңдамалы оқулықтар жиылған көпшілікке таныстырылып, түсіндірілді.Сондай-ақ, қазіргі қоғамда кітап оқудың маңыздылығы талқыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here