Кемероводағы өрттен отбасынан айырылған ер адам есікті кімнің жапқанын айтты

0
542

Кемероволық Игорь Востриков «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болған күні не үшін есіктің ашылмағанын видео арқылы түсіндірді. Видеоны ол «Вконтакте» желісіндегі парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Today.kz.

Өрттен Игорьдің үш баласы мен әйелі және туысқаны қайтыс болған.

Роликте ер адам болған оқиға жайлы өз пікірін білдірген. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоның кинозалмен бір қабатта орналасқанын хабарлады. Бір есік жабық болған, соның салдарынан кинозал ішіне қамалған адамдар өліп кеткен.

«Өрт қалай сөндірілді?» деген сұрақ бар. Құтқарушылар қаншалықты тез жетті, қаншалықты тез арада сөндіре бастады? Менің білуімше, шатырды жарты сағаттан кейін сөндіре бастады, ал өрт сөндірушілер 40 минуттан кейін келді», – деді Игорь Востриков.

Сауда орталығына ол сағат онда жеткен. Бұл кезде өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатқан.

Востриковтың сөзінше, есіктер жабық болмаған, адамдар кинозалдардан осы есік арқылы жүгіріп шыққан.

«Біздікілер ғана қалған еді, өйткені ол жерде мультфильм болып жатқан, олар бөгеліп қалып есікке жақындағанда дәлізден қалың түтінді көрген. Ештеңе көрінбеген. Белгісіз бір еркек есікті жауып, тесікті бекітіп, құтқарушыларды күтпек болған», – дейді Кемерово тұрғыны.

Оның сөзінше, құтқарушылар келмеген, ал әлгі ер адам сыртқа шығып, аман қалған.

Игорь мәйіттерді алу үшін енді үш апта күтеді. Осы уақыт ішінде генетикалық сараптама жүргізіледі.

Естеріңізге салайық, 25 наурызда Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда орталығы өртеніп, оттан 64 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here