Индонезияда 80 адам жер сілкінісінің құрбаны болды

0
512

Индонезиялық Ломбок аралында болған жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 80-нен асып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Соңғы мәлімет бойынша, 82 адам қаза болып, жүздеген адам зардап шекті. Бірнеше мыңдаған адам қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Сондай-ақ, бірнеше мың үй қираған. Куәгерлердің айтуларынша, жер сілкінісі өте қатты болғаны сондай, Бали аралында демалып жатқандарға сезілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here