Илья Ильин Токио Олимпиадасына қызу дайындық жүргізіп жатқанын айтты

0
617

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин өзінің үлкен спортқа қайтып оралғанын айтты, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қалпыма тез әрі сапалы түрде келе жатырмын, қазір ағзамның барлық жүйесі қалай жұмыс істейтінін тексерудемін. Бастапқы мақсатым – ауыр атлетикамен 32 жасқа дейін айналысу еді», – деді Илья Ильин Kazakh TV-дің Youtube арнасындағы Sports nation арнасына берген сұхбатында.

Атақты ауыр атлет Токио Олимпиадасына қатысуды мақсат тұтып отырғанын жасырмады.

«Әрине, төрт дүркін олимпиада чемпионы болуды қатты қаладым. Он жыл бұрын жасаған жоспарым бойынша жүріп келе жатырмын. Бұл –біріншіден. Екіншіден, мен бұл істі жақсы көремін, бұл маған ұнайды, бұл істі сапалы әрі әдемі атқара аламын, бұл менің көңіліме жағады. Жұрттың энергиясынан нәр аламын. Оның үстіне мен жаспын, спортпен шұғылдана аламын, белсендімін, нағыз өз бабындағы спортшымын… 29 жас спортшы үшін «макс»: оның шеберлігі де, ақылы да, дайындығы да, дайындалу жүйесі де қалыптасқан», – деді Ильин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here