Жыл соңына дейін 51 нысан пайдалануға беріледі

0
545

Жамбыл облысында 2018 жылы 107 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланса, қазынадан 27 млрд 259 млн теңге қарастырылған. Оның 39-ы толықтай салынып бітіп пайдалануға берілсе, 51 нысан жыл соңына дейін игілікке беріледі деп күтілуде. Ал қалған 17-і 2019 жылға өтпелі. Бұл туралы өңірлік коммуникация алаңында құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев мәлімдесе, 8 айда атқарылған тірліктер мен алдағы жұмыс жоспарымен журналистерді таныстырды. Биыл 15 білім ошағының құрылысы жүргізілсе, оның бүгінде 9-ы пайдалануға беріліп те қойды. Республика және облыс бюджетінен 4 млрд 169 млн теңге жұмсалған. Қазіргі таңда 1 нысанға байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Ал қалған соғылып жатқан ғимараттар келер жылы ел игілігіне берілмек. Өңірде ірі онкологиялық орталық бой көтеруде, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, 2019 жылы аяқталады деп көзделген. Сонымен қатар, есептік кезеңде 3 нысан пайдалануға берілсе, тағы 6 медициналық мекеме салынуда. Елді мекендерді ауыз сумен қамтуға биыл 8 млрд 295 мың теңге қарастырылып, оған 19 ауыл ауызсуға қол жеткізбек. Байзақ ауданында 3 ауыл таза су ішіп отырса, жыл соңына дейін 8 елді мекенге орталықтандырылған жүйеге қосылмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here