ЖУАЛЫДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

0
39

 

Жуалыда  алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылды.   Жаңадан пайдалануға берілген әлеуметтік нысан 25 ем алушыға арналған. Оңалту орталығында  10-ға жуық маман жұмыс істейді. Ғимарат іші ойын бөлмесі, баланың ой-санасын дамытатын ойыншықтармен толтырылса, дене шынықтыру бөлмесі арнайы құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда ерекше балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған құралдар да бар, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Қазіргі таңда орталықта 20-ға жуық жеткіншек арнайы медициналық сараптамадан өтіп, тегін ем қабылдап жатыр . Алдағы уақытта орын санын одан ары көбейту көзделуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here