ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

0
135

 

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірі студенттік жатақхана жағдайын жақсарту болып отыр. Осыған байланысты Жамбыл даңғылы бойында 143 орындық жатақхана берілді. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы екі колледж білімгерлері үшін 650 орындық екі жатақхана соғу қажет. Қазір Абай атындағы гуманитарлық колледжге  он бесінші мөлтекауданнан үш жүз орындық жатақхана құрылыс үшін 1,2 га жер телімі бөлініп берілді. Медициналық колледж білімгерлері үшін 1,0 га жер телімі бар. Бүгінгі таңда сәулеттік-жоспарлау құжаттары дайындалу үстінде, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Ал облыс бойынша арендалық тұрғын үй кезегінде тұрған жиырма үш мың жеті жүз алпыс екі адамның ішінде халықтың әлеуметтiк осал тобына жататын азаматтарынада жатақхана беру мәселесі көтерілген еді. Себебі олардың саны бүгінде- 13 436. Әулиеатада әкімдіктің бастамасымен осы отбасыларды тұрғын үй кезегі жеткенге дейін жатақханамен қамту жұмыстары қолға алынуда. Ағымдағы жылы осындай 6 жатақханаға төрт жүзге жуық аз қамтылған және көп балалы отбасын қоныстандыру жоспарланып отыр. Олардың 3-еуі Тараз қаласында, Шу, Жаңатас және  Қаратау қалаларында 1 жатақханадан салу көзделуде.

Облыс орталығында №5 «Қарасу» мөлтек ауданынан салынатын көпбалалы отбасыларға арналған 4 көпқабатты әлеуметтік жатақхананың құрылыс жобасы  облыс әкіміне таныстырылған. Ғимаратта барлығы 180 пәтер болады деп жоспарлануда. Жоба құны сегіз жүз он екі миллион теңгеге айналмақ. Құрылыстың жалпы аумағы сегіз мың бір жүзшаршы метрді құраса, пәтердің бір шаршы метрінің құны 100,2 мың теңгеге айналады. Айта кету керек, 4 жатақхана соғылатын аумақта инфрақұрылым мәселесі шешілген. Ал, ғимараттың ішкі құрылысы кәдімгі екі бөлмелі пәтерлерден тұрады. Ондағы бір пәтердің жалпы ауданы отыз бес-қырық  шаршы метрді құрайды. Әр пәтерде зал және жатын бөлмелер, сондай-ақ, өз ас үйі, әжетханасы мен жуынатын (санузел) бөлмесі де болады. Жоспар бойынша жобаның барлық құжаттары алдағы үш айда дайындалмақшы. Сөйтіп  құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталған болатын. 1-желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here