ЖАСТАР СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ (бейнесюжет)

0
503

«Жастардың кәсібилігін арттыру – тиімді жұмыс кепілі». Бүгін осындай тақырыппен Облыс орталығында  екі күндік семинар бастау алды, деп хабарлайды zhampoz.kz  JAMBYL телеарнасына сілтеме жасап.

Жастар еліміздің болашағы. Елбасымыз да ел ертеңі саналатын жас ұрпаққа үлкен сенім артылатынын, олардың еңбекқор, өз жұмысына тиянақты болу керек екенін айтты. Жастарды ізденімпаз болуға шақырды. Осыны мақсат тұтқан семинарға облыстың барлық ауданынан «жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері қатысуда.

Арайлым Төреханова — Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы

Жастарды заман талабына сай адам болуға шақырып отырған шарада теориялық және практикалық дәрістер өтті. Арнайы мамандар шеберлік сағаттарын  жүргізуде.

Байғали Бақыт – Сарысу аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері

Өңір жастарының құқықтық және  діни сауаттылығын артырып, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету – ортақ игілік  болмақ. Осы бағытта пайдалы кеңестерге толы семинар ертең де жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here