ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ 48% ГАЗДАНДЫРЫЛҒАН

0
28

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ 48% ГАЗДАНДЫРЫЛҒАН

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында комиссиялардың бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Отырыста бірнеше мәселел талқыланды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіндегі бесінші «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бастамасының облыста іске асырылуы. Бүгінге Жамбыл облысының  қырық сегіз  пайызына газ тартылған.  Яғни үш жүз жетпіс жеті елдімекеннің жүз сексен бірі тауарлық көгілдір отынға  қосылған.  Сондай-ақ отырыста Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді газдандырудың барысына  жүргізілген талдау нәтижелері жария етілді. Жоғарғы технологияларды дамыту бойынша өткен отырыста  бір жарым жыл ішінде атқарылған жұмыстардың жай-жапсары баяндалып, көгілдір отынмен қамтылған ауылдардың ішінде орталықтандырылған газ торабына қосылмаған халықтың жайы сөз болды.  Сондықтан осы бағыттағы іс-шаралар  жедел қолға алынып,  ауылға келіп тұрған көгілдір отынның игілігін көрмей отырған тұрғындарға табиғи газды тартып беру жұмысына басымдық берілген.  Басқа кәсіпорындардың жеке үйді газ торабына қосу құны жүз елу мыңнан төрт жүз мың  теңгеге дейін барса , «Жамбыл – жылу»,  «Теміржол – жылу» мекемелері бұл қызметтерді тоқсан бес мың теңгеге атқаруда, — дейді энергетик мамандар. « Үйіне газ кіргізгісі келген адам алдымен бізге келіп, өтініш береді. Содан соң арнайы мамандар құбыр жүргізілетін аумақты өлшеп, қанша қаржы жұмсалатынын анықтайды. Ал, тұрғын ақшасын төлеген сәтте бірнеше сағаттың ішінде біздің қызметкерлер сапалы, әрі сенімді көгілдір отынды орнатып беретін болады».-  Дейді сала мамандары.  Табиғи газбен газдандырылған  Қазақстан Республикасында әкімшілік-аумақтық объектілердің саны тоғыз жүз сексен төрт бірлікке жетті.  Жамбыл облысында   жүз жетпіс сегіз  пункт орналасып, жоғарғы көрсеткіш көрсетті.  «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының «елді мекендерді газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасы өңірдің өзекті проблемасын оңтайлы шешіп келеді.Алдағы уақытта да көгілдір отынмен қамту шаралары партияның ұдайы назарында бола бермек. Бұл жөнінен жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар да жүктелді. Нақтырақ айтсақ, өңірдегі елдімекендерді газдандыруға бөлінген қаражат мақсатты әрі тиімді жұмсалуы қажет.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here