Жамбыл облысында қатерлі ісіктен көз жұматындар азайған

0
548

Жамбыл облысында қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың көрсеткіші төмендеді. Бұл туралы бүгін ӨКҚ өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов мәлімдеді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 6 айында нәресте өлім-жітім көрсеткіші 1000 тірі туғанға шаққанда 8,7 пайызға төмендеп, 7,3-ті құрап отыр.

Облысымызда күн сайын 77 астам, ай сайын 2000-2400 ден аса сәби дүниеге келеді. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың 6 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 263-ке өсті. Осыған сәйкес, перзентхана деңгейінде нәрестелердің есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген.

Үстіміздегі жылдың 1 жартыжылдығында скринигпен 442238 адам қамтылып, 26537 адамның ауруы анықталып, 16441 адам диспансерлік тізімге алынды.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда облыста денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы өз жалғасын тауып, іске асырылуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here