ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП САНЫ АРТАДЫ

0
151

Жамбыл облыстық білім бас­қармасының баяндамасына сүйенсек, ағымдағы жылы облыс бойынша 12 білім ны­санының құрылысын жүр­гізуге 3,6 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Оның ішінде 1,2 миллиард теңге рес­пуб­ли­калық бюджет есебінен бол­са, жергілікті бюджеттен 2,4 миллиард теңге бөлінген. Атал­ған қаражат есебінен Шу ауда­ны Шу қаласындағы 300 орындық орта мектеп, Байзақ ауданы Ақшолақ ауы­лын­да­ғы 120 орындық орта мектеп, Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп, Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 орындық орта мектеп, Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық білім мекемесі және Жамбыл ауданы Түрксіб ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысы жүргі­зіледі. Аталған 6 мектеп те заман талабына сай салынып, оқушылардың игілігіне бері­ле­тін болады.Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова 2019-2020 оқу жылында өңірде 5 мектеп пайдалануға берілетінін айтты. «Оның ішінде Байзақ ауданында үш ауысымды

Сонымен қатар ақыл-ойын­да ке­містігі бар бала­ларға ар­нал­ған мектеп-интернатының спорт залы, шеберханасы, қоймасы, моншасы, Байзақ аудандық №3 колледжінің спорт залы, асханасы, Жуалы ауданы Қарабастау ауы­лын­да­ғы Қошмамбетов атын­дағы орта мектепке жап­сарлас спорт залы, Сарысу ауданы Ұйым ауы­­лындағы Сүлейменов атын­­­дағы орта мектептің сп­орт залы және Шу ауданы Далақайнар ауылындағы Т.Әшім­баев атындағы мек­теп­тің спорт залы, асханасы, технология кабинеті және шеберханасының құрылысы салынатын болады. Сондай-ақ «Үміт» тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатына жеделсаты орнату жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар Жамбыл облысында білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге де тиісті көңіл бө­лі­нуде. Мәселен, 2019 жылы облыс бойынша 10 білім ны­санына күрделі жөндеу жұ­мыс­тары жүргізіледі. Оның ішінде 5 мектеп, 1 мектеп-интернат, 2 балабақша және 2 мектептен тыс мекеме бар. Аталған мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүр­гізуге 1 402,492 миллион теңге қарастырылған. Рес­публикалық бюджеттен 633,580 миллион теңге бөлін­се, облыстық бюджеттен 586,324 миллион, ал қалалық бюд­жеттен 182,588 миллион теңге бөлінген. Басқарманың мәлі­метінше, бүгінде сатып алу­лар конкурсы арқылы мер­ді­гер­лерді анықтау жұ­мыс­тары жүргізілуде.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here