Жамбыл облысында екі мыңға жуық мемлекеттік қызметкер қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттырады

0
555

Өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ашылу салтанатына және «Кәсібилендіру мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды факторы ретінде: аймақтық контекст» атты семинар-кеңеске қатысты. Алик Шпекбаевтың жұмыс сапары осы күні түс ауа облыс әкімдігінде өткен актив жиналысымен жалғасты. Алқалы басқосуды өңір басшысы Асқар Исабекұлы жүргізіп отырды.Алғашқы болып сөз алған Алик Жатқамбайұлы облысымыздағы қолға алынған оң бастамалар мен өркенді өзгерістерге оң бағасын бере отырып, алдағы уақытта атқарылар ауқымды жоспарлардың баянды болуын тіледі.Елімізде Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесін құру шеңберінде ашылған және өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру орталығы болуға арналған аталмыш Академия филиалының базасында жыл сайын облыстағы мемлекеттік органдарының 2 мыңға жуық қызметкері қайта даярланып, біліктілігін арттырмақ. Сондай-ақ, өз сөзінде А.Шпекбаев мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптың жоғары, оларға беріліп отырған мүмкіндіктің де мол екенін назарға алды. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу секілді тағы басқа осындай маңызды бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here