Жамбыл облысынан Иран мен Бахрейнге ет өнімдері экспортталатын болады

0
630

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы ет комбинаты дамудың жаңа деңгейіне шықты. «Меркі ет комбинаты» ЖШС екі ирандық компаниямен қойды экспорттау жөнінде келісім жасасты.

Осыған сәйкес, 4 мың тонна етті жеткізу жоспарланған. Өткен жылы Иранға 200 тонна қой еті жеткізілген. Кәсіпорын тоқтап қалуға мәжбүр болғаннан кейін қайта іске қосылып, жылдың басынан бастап тағы да 200 тонна ет экспорттады.

«Меркі ет комбинаты» ЖШС директорының орынбасары Сұлтан Әлиасқаровтың айтуынша, кәсіпорын бірден 20 тонна етті экспортқа жөнелте алады. Мұнда күніне 150-ден 300 қойға дейін сойылады.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» кешенді жобасының аясында ауданда репродуктивті шаруашылықтардың, мал сою алаңдарының құрылысы жүріп жатыр, шаруа қожалықтары даму үстінде. Қой және ірі қара мал өсірумен айналысатын «Олжа», «АР-АС», «Нарт», «Нейля-С», «Қасапхана», АО «Меркі асыл тұқымды зауыты» сынды ірі жеті шаруа қожалығы және 6 мал сою алаңдары бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here