Жамбылдық спортшылар биыл 8 маңызды жарысқа қатысады

0
488

2018 жылдың соңына дейін Жамбылдық спортшылар сегіз маңызды жарысқа қатысады. Бұл туралы бүгін облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Алдымен, ағымдағы жылдың 18-тамызы мен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта, Палембанг қалаларында 18- жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапында 25 жамбылдық спортшы бар. Сондай-ақ, еліміздің мемлекеттік туын ұстап шығу құрметі талантты боксшы жерлесіміз Әбілхан Аманқұлға жүктеліп отыр. Сонымен қатар, 12-19 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында ҚР-ның 2- Спартакиядасы өтеді. Спорттың 10 түрін қамтитын жарысқа Жамбыл облысынан 57 адам қатысып жатыр»,- деді, басқарма басшысы. Бұдан бөлек, 2018 жылдың 15-21 тамыз аралығында Қызылорда қаласында Республикалық Ауыл жасөспірімдерінің 2- жазғы ойындары өтетінін айтты.   Ол сайыста біздің өңірден 113 спортшы өз бақтарын сынайды. Жалпы, облыс спортшылары жыл басынан бері Әлем, Азия чемпионаттарында 115 медаль иеленсе, Республикалық жарыстарда барлығы 666 медаль олжалапты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here